п. Атасу, ул. Абая, 23
5-06-67, 2-64-34
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
«Eki juldyz» байқауы
28-01-2019 15:37
«Eki juldyz» байқауы

  2019 жылдың 25 қаңтар күні «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ-сінде мектеп тәлімгері Туменбаева Айтолқын Амантаевнаның ұйымдастыруымен мектепішілік «Екі жұлдыз» атты байқауының І кезеңі өткізілді. Байқау 5 кезеңнен тұрады. «Екі жұлдыз» өнер байқауына мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. «Eki juldyz» байқауының мақсаты: Өнерді сүйіп қастерлейтін рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу және оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты арттыру, берілген тақырып бойынша туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсету және алуан түрлі образдарға ену.
   «Eki juldyz» байқауына мектеп тәлімгері Туменбаева Айтолқын Амантаевна мен 6-сынып оқушысы Айтжан Зарина Ерболқызы; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шакенова Айжан Дихановна мен 6-сынып оқушысы Боранбаев Фархат Мақсатұлы; дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасым Асылан Серікұлы мен Искакова Айым Ғабдуллақызы; шағын топтың тәрбиешісі Ахметбекова Асем Жумабаевна мен 6-сынып оқушысы Сембі Нұршат Мәдениетұлы; мектеп лаборанты Рахметолла Бақнұр Хайруллаевна мен Шубаева Гүлімай Бегайқызы; физика пәнінің мұғалімі Көшкінбаева Айжан мен 8-сынып оқушысы Шырымбеков Нұрлыжан Рымбекұлы; математика пәнінің мұғалімі Жұмажанова Айнұр Қуантаевна мен 6-сынып оқушысы Жанат Салидат Дидарқызы; бастауыш сынып мұғалімі Исмағұлова Римма Мурсалимовна мен Біләлова Мерей Елдосовна; мектеп психологы Шакенов Айбол Төлеубаевич мен Сериков Сұңғат Қуатұлы қатысты. «Eki juldyz» байқауына қатысушыларға мектеп ұжымы атынан шын жүректен алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта сәттілік тілейміз, өнерлеріңіз өрге жүзсін!