Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Білімді, дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы»
28-01-2019 14:30
«Білімді, дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы»

  2019 жылдың 21 -28 қаңтар айында «Білімді, дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» атты жаратылыстану пән бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімдерін практикада қолдануға дағды қалыптастыру. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін және функционалды сауаттылығын дамыту. Апталықта «С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай тарих тағылымы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Апталықта химия пәнінің екінші санатты мұғалімі Саққұлақова Назгүл Боранбаевна 11-сыныпта химия пәнінінен «Карбон қышқылдары» тақырыбында, тарих пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Ускембаева Жүбайла Адамовна 7 «Б» сыныбында «Отырар апаты, ұлыстардың құрылуы» тақырыбында, мектеп психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы 11- сыныпта өзін - өзі тану пәнінен «Ата – анаң- алтын тұғырың» тақырыбында, өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Айжанова Бақытгүл Жұмағалиевна 6 «А» сыныбында «Сыныптағы достық» тақырыбында, тарих пәнінің бірінші санатты мұғалімі Алиакбарова Айгерім Алдашкеевна 8 «А» сыныбында «Қазақ жерінің Ресей империясына толықтай қосылуы, бекіністердің салынуы» тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Картаева Айдана Нұрлановна 6 «Б» сыныбында «Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар тарих пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Ускембаева Жүбайла Адамовна 7 «А», «Б» сыныптарымен «Алғырлар, тапқырлар, ойшылдар, мықтылар» тақырыбында, тарих пәнінің бірінші санатты мұғалімі Алиакбарова Айгерім Алдашкеевна 9- сынып оқушыларымен «Тарих ғасырлар куәсі» тақырыптарында интеллектуалдық сайыстар өткізді. Апталықтың қорытындысында оқушылар «Алғыс хатпен», «Мадақтамалармен» марапатталды.