Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау
28-01-2019 14:38
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау

  Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында көрсетілгендей, жас ұрпаққа үлкен үміт артылып отыр. Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйым. «Жас ұлан» — өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

  Осыған орай, мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Жас қыран» салтанатты жиыны өтті. Жиынға 2-3 сыныптар аралығындағы үздіктер ме екпінділер қатысты.

  Мектеп директоры Тұрғынбеков Айтқожа Жексенбекұлы сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына ізгі тілек тіледі. Мектеп белсенді әншілері ән айтып, көрермендерге жағымды көңіл күй сыйлады.