Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Латын әліпбиімен диктант жаздық.
19-11-2018 14:54
Латын әліпбиімен диктант жаздық.

 

   Бұл күні Қазақстан тарихында елеулі оқиғалардың бірі орын алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен қолға алынған қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика көлемінде алғаш рет латын графикасымен жалпыхалықтық диктант жазылды. Айтулы шарадан С.Сейфуллин атындағы ЖОББ   мектебінің ұстаздар қауымы мен оқушылары да шет қалмай, бір кісідей қатысты.  Мектептен 128 адам қатысты, оның 28 - жұмысшы, 48 -оқушы, 52 – мұғалім.

   Шараның негізгі мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау болғандықтан бұл жұмысқа атсалысуда ұстаздар қауымы алдыңғы лекте тұруы керек деп ойлаймын. Латын әліпбиіне көшу бүгінгі өркениетті дәуіріміздің басты талабы. Сондықтан қоғамда орын алып жатқан өзгерістерден қалыс қалмай, алға қадам баса беруіміз керек. Бүгінгі жалпыхалықтық диктант жазуға әріптестеріміз бен оқушыларымыздың қызығушылығы жоғары болғанын айта кеткенім жөн. Әрине, жазуда қиындық тудырғаны рас, дегенмен уақыт өте келе жаттығып дағдыланып кетеміз.

   Жарты сағат ішінде «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылған алғашқы диктант латын әліпбиімен жақынырақ танысудың алғашқы қадамы болды.