С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінде оқу жылында қыркүйек – қазан айларында сынып ата – аналарымен «ХХІ - ғасырдағы Қазақстандық ата – ана» «Өз балаңа үлгі бол» атты конференция өткізілді.
Бұл конференция жалпы мемлекетіміз бойынша бір уақытта өткізіліп отырды. Конференция мектеп әкімшілігі ұйымдастыруымен өткізілді. Мектеп психологы А.Т.Шакенов осы конференцияны өткізіп шықты. Конференцияға НұрОтан ХДП – өкілі Аманжолов Ә.М, мектеп директоры А.Ж.Тұрғынбеков және тәрбиесі ісі меңгерушісі Ж.А.Өскенбаева қатысты. Сынып жетекшілері ата – аналардың конференцияға жүз пайыз қатысуына жағдай жасады. Жалпы конференция бірнеше маңызды тақырыптардан құралып, сауалнама алынып, ата – аналарға бейнероликтер көрсетіліп, кітапшалар таратылды. Жалпы конференция өз мәнінде, қызықты өтті