Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем
10-10-2018 16:18
Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем

    2018 жылдың 07 қазаң күні «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ –сінде  Сәкен Сейфуллин атындағы  мектептің іргетасын қалаушы, мектепке Сәкен Сейфуллин есімін беруге ат салысқан,  тарихта өшпес із қалдырған, мектептің алтын діңгегі, мектеп директоры (1958-1977), ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі Садықбеков Жанпейіс Сәдуұлына арналып Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті.

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең меңгеру және білім алушылар арасында тарату ұйымдастыру болып табылады.  Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүру, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономиклық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», - деп атап көрсетті.  Осы игі ісіміз Елбасымыздың дұрыс жолға қойған әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту, мектебімізде жалғасын табуда.

 

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

 

   Өзінің 72 жыл өмірінің  39 жылын  Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін азаматтарды тәрбиелеуге арнаған Садықбеков Жанпейіс Сәдуұлы  Көкшетау қаласындағы педагогикалық техникумды 1937 жылы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында математика факультетін 1948 жылы бітірген.

   Жампейіс ағайымыздың еңбек жолы 1937-1940 жылдары Нұра-Талды совхозында басталған. Алғашқы қызметін жастарды тәрбиелеуде, мектеп директоры, совхоздың бастауыш комсомол ұйымның хатшысы, Шет аудандық комсомол комитетінің бюросының мүшесі болып жұмыстар атқарған.

   1941-1943 жылдары Түгіскен мектебінің директоры, 1943-1946 жылдары қазіргі О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, 1951-1952 жылдары аудандық үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1952-1953 жылдары (Өспен совхозы) қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданының Нұра-Талды кеншарында мектеп директоры, 1954-1958 жылдары ауданымыздың оқу бөлімінің меңгерушісі, 1958-1976 жылдары Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарған.

   Садықбеков Жампейіс Сәдуұлы 1988 жылы 4 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеден озды.

   Мемориалдық тақтаның ашылу рәсімінде  аудан әкімінің орынбасары: Қожықаев Қанат Шубайұлы,  Жампейіс ағайымыздың әріптестері  Жеңіс Елеуов және Мұса Тайтөлеуов, оқушылары атынан  Қорабай Есенов, Жампейіс Сәдуұлының  туыстары Дәурен Биматұлы, балаларының атынан Алтынай Жанпейісқызы  Садықбеков Жампейіс Сәдуұлын еске алып,  құттықтау сөздерін айтты

   Тақтаның ашылу рәсіміне көптеген қонақтар қатысты. Аудандық білім бөлімінің басшысы Аштаев Тлеш Бейсембаевич, мектебіміздің ардагер ұстаздары Тойшыбекова Бақыт, Дүйсенова Бақыт, Байболова Қалдыгүл, Садықбеков Жампейіс Сәдуұлының оқушыларыТуканова Алданыш, Бейбіт Хасенов, Исина Алтын.

Мектеп кітапханашысы Аубакирова Жауқазын «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге Садықбеков Жанпейіс Сәдуұлының фотосуреттері, қолжазбалары, өмірбаяны мен балаларының еске алу естеліктері қойылды.

    10-сынып оқушысы Еділбай Назым «Мектебім» әнін орындады.

    Айткеш Жампейісқызы Садықбеков Жанпейіс Сәдуұлына арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсіміне қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне, аудандық білім бөлімінің басшысы Аштаев Тлеш Бейсембаевичке, «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ –сінің директоры Тургимбеков Айтқожа Жексембековичке  барлық туыстарының атынан рахмет айтып, алғыс білдірді.

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай,   тарихта із қалдырған Садықбеков Жампейіс Сәдуұлындай тұлғаны біз үлкен мақтанышпен әрқашан еске алып, жадымызда сақтаймыз.