Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Бала құқығы- адам құқығы" атты 10 күндік
16-11-2022 09:19

С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде 20 қараша- Халықаралық балардың құқығын қорғау күніне арналған "Бала құқығы- адам құқығы" атты 10 күндік қарсаңында, мектеп әкімшілігінің және педагог-психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы, әлеуметтік педагог Аманжолова Н.Қ. ұйымдастыруымен 9 "А"- 9 "Б" - сынып оқушыларына "Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында кездесу тренингі өткізілді. Кездесуге ауданымыздың теолог маманы Қаракесеков Дәулет, ауданымыздың орталық мешіті имамы Искаков Айтболат және ата-аналардың "Әкелер" ұйымының төрағасы Сариев Берік келді. Кездесуде бірнеше мәселелер айтылды. Атап айтсақ: Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбы бойынша теолог маман Қаракесеков Дәулет оқушыларға слайд көрсетіп, кеңінен түсіндірді. Оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Имандылық тәрбиесі жайында ауданымыздың орталық мешітінің имамы Искаков Айтболат аға оқушыларға діни тәрбие, зорлық зомбылық туралы мәлімет берді. Мұғалімдердің сауалдарына жауап берді. Ата-ананы сыйлау, оларға ауыр сөз айтпау, зорлық зомбылық, қатыгездік және қазіргі кездегі өзекті мәселе суицид, адамның өз өзіне қол жұмсауын діни тұрғыда оқушыларға жауап берді. "Әкелер" ұйымының төрағасы Сариев Берік ағамызда оқушыларға дін жайында мағлумат берді. Өмірде болып жатқан мысалдарды келтірді. Мектеп психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы оқушыларға "Алтын қорап" тренингін жүргізді. Бұл тренингтің мақсаты: оқушылардың түрлі сектаға ағымдарға деген қызығушылығының алдын-алу. Жалпы кездесу тренингі өте тартымды да, қызықты өтті. Ең бастысы оқушыларға діни тәрбие, діни сауаттылық, теріс ағымдарға бармау, оларды дінімізден айыра білу керектігі айтылды. Оқушылар мен мұғалімдер келген қонақтарға ризашылығын білдірді.