ZHAS РROJECT
Бүгін, яғни 18.11.2022 ж. күні ZHAS РROJECT шеңберінде жастарға өздерінің кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жергілікті халыққа пайда әкелетін өз әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік берілді. Дәл осындай мүмкіндікке ие болған @zolotaya.style тігін орталығының иесі Бекмырза Айгерім Маратқызы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінің 1 сынып оқушыларына 30 жейде тегін таратты. Жас бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, кәсібін жақсылық жасаудан бастаған жерлесімізге сәттілік тілей отырып, үлкен алғыс білдіреміз!