Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Аудандық Тамыз кеңесі
26-09-2018 15:53
Аудандық Тамыз кеңесі

  2018 жылдың 27 жұлдызында мектебімізде аудан педагогтары Аудандық тамыз кеңесінде бас қосты. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы әдістемелік қызмет іс-әрекетінің стратегиялары мен жаңа мүмкіндіктері» атты жиынға АББ бастығы Аштаев Тлеш Бейсенбаевич арнайы қатысты. Кеңестің негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы белгіленген міндеттерді жүзеге асыру болатын. Жиында басқару мен инновациялар проблемаларын талқылау, білім беру саласын жаңғырту үшін әдістемелік ұсынымдамалар әзірлеу. Сонымен бірге адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы да ХХІ ғасырдың білім мен интеллект ғасыры болатындығын айқындау. Яғни, біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекетіміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, нақтылап айтқанда қоғамымыздың болашақ дамуын интеллектуалды адами капитал айқындайтын болады. Сол үшін бұл кеңес білім саласындағы жаңашылдыққа және шығармашылыққа қозғалыс беріп, педагог қызметкерлерді жаңа жетістікке жетелейтіні анық.