Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық есік күні
30-04-2018 15:30
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық есік күні

Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір айында сағат 17.00-19.00 –де «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ ардагерлерге, ата-аналарға, қамқоршылық кеңеске, кәсіпкерлерге, әкімшіліктен келген арнайы қонақтарға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күнінің өткізілу мақсаты: ата-аналарға, қамқоршылық кеңеске, кәсіпкерлерге, әкімшіліктен келген арнайы қонақтарға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша толық ақпарат беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ашық сабақтарға қатыстыру, тренинг, коучингтер өткізу. Алдын-ала іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Қонақтарға арнайы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық есік күніне Шақыру қағаздары таратылды. Ашық есік күнібиология, география пәнінің бірінші санатты мұғалімі Шакенов Жанбол Төлеубаевич 7 «Б» сыныбында биология пәнінен «Гүлдің құрылысы. Тозаңдану түрлері», екінші санатты математика пәнінің мұғалімі Жұмажанова Айнұр Қуантаевна         7 «А» сыныбында алгебра пәнінен «Алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару», жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұманова Индира Нұржановна5 «А» сыныбында орыс тілі пәнінен «Спорт»,  екінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садвакасова Гулмира Булатовна  2 «А» сыныбында орыс тілі пәнінен «Как ворона горох вырастила», бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Смайлова Айткүл Бөкеновна 2 «Б» сыныбында математика пәнінен «Құрама есептер», екінші санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қазбекова Толғанай Мухамедкалиевна  5 «А» сыныбында «Дене мүшелері, жаттығулар», тарих пәнінің мұғалімі Картаева Айдана Нұрлановна тарих пәнінен 5 «Б» сыныбында «Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.  Информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі  Базылова Айгул Дүйсенбаевна5 «А» сыныбында «Роботтар әлемі» тақырыбында таңдау курсын,  жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейфуллина Орынбасар Боранбаевна  1,2,5,7-сыныптың ата-аналарымен, мұғалімдермен «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері» тақырыбында коучинг, мектеп психологы-Шакенов Айбол Тулеубаевич ата-аналармен, мұғалімдермен «Жаңартылған білім мазмұнындағы өзгешеліктер» тақырыбында тренинг, мектеп лаборанты Рахметтолла Бақнұр Хайроллақызы  «Жаңартылған білім мазмұнын жаңарту аясында оқыту және оқу сапасын жетілдіру стратегиясын құрастыру үшін әлеуметтік сауалнама» жүргізді.

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы ПКБАИ  аға оқытушысы С.Ташетова ауданның математика пәнінің мұғалімдеріне «Математика пәні бойынша жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымы» тақырыбында курс, аудандық Жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары-Естаева Нүргүл, Ибраева Нүргүл, Сарманова Айдана  7-сынып оқушыларымен «Бір кітап-бір аймақ акциясы» бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізді.  Байсейітов Алтынбек Едильбаевич, Картаева Айдана Нұрлановна «Ұлттық қолөнер-ұрпаққа ұлағат» атты көрме ұйымдастырды. Мектептің жүйе әкімшілігі-Туменбаева Айтолқын Амантаевна, лаборант-Жұмасейітова Гүлжазира Балтабаевна, программист Рысқұлов Дәурен Қуатұлы теледидардан «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша бейне материалдар көрсетіп,«Жаңартылған білім мазмұны-оқу сапасын жақсартудың кепілі» тақырыбында  Презентация көрсетті.

    Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткізілген ашық есік күніне ата-аналар комитетінің төрағасы –Б.Қосмағанбетова, қамқоршылық кеңесінің төрағасы-Ж.Бейсенова, аудандық С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қор қорғаушысы Жангелдина Гүлғайша Уайсқызы, аудандық Жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары- Естаева Нүргүл, Ибраева Нүргүл, Сарманова Айдана  , аудандық аурухананың наркологы  Альбатыров Қамбар, аудандық Жастар орталығының мамандары , «Балдырған» балабақшасынан С.К.Наурызбекова, «Жаңаарқа» газетінің тілшілері және мектепалды дярлық сыныбының, бастауыш сыныптың, 5-10- сынып ата-аналары қонаққа келді.

  Ашық сабақтар, курс, сыныптан тыс іс-шаралар, коучинг, тренингтер, көрме жоғары дәрежеде өткізіліп, келген қонақтар, ата-аналар мектебімізге ризашылықтарын, алғыстарын айтты.