Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Имандылық - ізгілік негізі" тақырыбында кездесу
14-10-2021 11:22

Мектебімізде "Рухани келісім" күні аясында мектеп педагог-психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы және әлеуметтік педагог Амнжолова Назгүл Құдайбергеновнаның ұйымдастыруларымен 9 "А" - 10 - сынып оқушыларына "Имандылық - ізгілік негізі" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ауданымыздың имамы Оңалұлы Есбол келді. Кездесудің негізгі мақсаты: оқушыларды имандылыққа, парасаттылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушылардың рухани білімін байыту, иманжүзділікке, көркем мінезділікке тәрбиелеу. Кездесу барысында әлеуметтік педагог Аманжолова Н.Қ. кездесуді ашып, келген қонақты оқушылармен таныстырып, жалпы іс-шараны ашып берді, мектеп психологы А.Т. Шакенов оқушыларға "Жүректен шыққан жылы сөз" тренингін өткізді. Оқушыларды сынып бойынша "Имандылық" және "Достық" деп, екі топқа бөлді. Топ басшыларын сайлап, оларға имандылық туралы сөздер беріп, оқушылар өздерінің діни білімдерін көрсетті. Кездесуге келген қонағымыз Оңалұлы Есбол оқушылардың түсінбеген имандылық сөздеріне тоқталып, сол сөздерге жеке - жеке мәлімет беріп, оқушылардың имандылық білімдерін кеңейтті. Мектеп педагог-психологы А.Т. Шакенов оқушыларға слайд, діни экстремизим, терроризм туралы бейнетаспа көрсетіп, "Алтын қорап" тренингін жүргізді. кездесу соныңда әлеуметтік педагог Аманжолова Н.Қ. қорытынды жасап, келген қонаққа алғыс білдірді. Жалпы кездесу өз мақсатына жетті. Оқушылар діни білімдерін кеңейту мақсатында келген қонаққа көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Кездесу қызықты әрі көңілді өтті. Оқушылар белсене қатысты.