"Рухани келісім күні" атты кітап көрмесі
Кеше, яғни қазан айының 13-ші жұлдызы күні мектебімізде "Рухани келісім күні" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Тəуелсіздік жылдары ішінде өзімізге тəн тамаша дəстүрлер қалыптасты. Рухани келісім-біздің ұлтымызға тəн үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық , қонақжайлылық , татулық , достық , ауызбіршілік тəрізді ізгі ортақ құндылықтары берік орнықты. Оның басты мақсаты- өскелең ұрпақтың бойында əр түрлі ұлттар мен діндердің адамдарына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру. Барша халықты мейірімділікке , игілік , бірлікке үндейтін "Рухани келісім күні" құтты болсын!
С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінің кітапханашысы Аубакирова Ж. Қ.