Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Кәсіптік бағдар беру
03-04-2018 12:02
Кәсіптік бағдар беру

  2018 жылдың 03 сәуір күні «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ –сінде 9-11-сынып оқушыларымен Қазақ қатынас жолдары университеті және Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің оқытушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырып, техникалық мамандықтар бойынша ақпарат берді. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жобалаев Думан Максимұлы Қазақ қатынас жолдары университеті, Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжі Қазақстан Республикасына  көлік қатынас жолдары, құрылыс және экономикалық салалар бойынша мамандар даярлайтындығына, көлік саласы көп бағдарламалы шаруашылық болғандықтан мыңдаған кәсіпорындарда қозғалысты ұйымдастыру, вагондар, локомотив, теміржолшылар, автомобиль шаруашылығы бойынша маман қажеттігін талап етілетіндігіне тоқталып өтті. Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Несипбеков Бекбол Болысханұлы оқу орнының  артықшылықтары мен жеңілдіктерін атап өтті: қысқартылған бағдарлама бойынша кәсіптік білім алу мүмкіндігі, оқу ақысының төмен және қолайлы жүйесі, шет тілдері және компьютерлік техниканы терең оқып үйрену, таңдауы бойынша студенттерді мамандандыру, өндірістік практикадан өткізу кепілдігін түсіндірді.