Ағымдағы жылдың 12.02.18 күні мектебімізде АӘД пәнінің мұғалімі Ауданбаев Аманғали мұғалімнің ұйымдастыруымен 10 – сынып оқушыларымен Ауған соғысының аяқталғанына 29 жыл толуына байланысты « Ауғанның асуында от кешкендер » тақырыбында жауынгер ағаларымызбен кездесу өтті.
Мақсаты:
- Ауданымыздағы ауған соғысы ардагерлерінің «Ауған ақиқатында » және «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
- Оқушыларымызға ата – бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
- Отанды сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу
- Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру , ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін дағдыландыру.
«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті » деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыз: Тынысбаев Ермек Айтбайұлы ауған соғыс ардагері, Жылқыбай Қыдырбай ауған соғыс ардагері, Шерматов Бахадыр Абдурахманович Шарт бойынша әскери қызмет және әскерге шақыру бөлімше бастығы лейтенант Оқушылар сұрақтарын қойып, ашық сыр – сұхбат жүргіздік. Ағаларымыз бүгінгі жастарымыздың бойында қандай қасиеттер болу керектігін, Отанға деген патриоттық сезімдерінің еш сарқылмауын тіледі.