Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты кездесу іс-шарасы өтті
22-04-2021 11:39
«Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты кездесу іс-шарасы өтті
Бүгін, яғни 22.04.2021 ж. күні әлеуметтік педагог Төлеутаева Ләззат Серікбайқызы, мектеп психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы, дінтану пәнінің мұғалімі Картаева Айдана Нұрланқызының ұйымдастыруларымен мектебімізде «Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты кездесу іс-шарасы өтті. Іс-шараға қонақ болып Ауданымыздың имамы Нұрғалиев Байдулат Құдайбергенұлы, Аудандық ІІБ ИДН инспекторы полиция аға лейтенанты Молдабаева Мақпал келді. Кездесуге
8 "Б",9 "А",9 "Б" сынып оқушылары қатысты. Кездесудің басты мақсаты: келер ұрпақ жас өренді діннің қызметімен таныстыра отырып, діни салауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу; өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; діни экстремизмнің алдын алу.Имам Нұрғалиев Байдулат Құдайбергенұлы оқушыларға дініміздің хадистерін, аяттарын келтіре отырып, ислам діні жөнінде ауқымды, кеңінен мағлұмат берді. Жалпы кездесуде діни экстремизм, жасөспірімдердің бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру, білім алулары, ораза ұстау мәселелері, ислам діні туралы айтылды. Екі сағатқа созылған бұл кездесуде оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды, діни сауаттылықтарын арттырды.