Педагогикалық әдеп қағидалары
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Педагогикалық әдеп қағидалары туралы ережемен» таныстыру барысында атқарылған жұмыс туралы хабарлама
Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі - Педагогикалық әдеп) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірлен «Педагогикалық әдеп қағидалары туралы» ережемен 02.09.2020 жылы мектеп директоры А.Ж.Тургимбеков педагогикалық кеңес өткізді. Педагогикалық кеңесте кәсіподақ кеңесінің төраймы Сейфуллина Орынбасар Боранбайқызы төмендегі бағыттар бойынша таныстырды..
✓ 1-тарау. Жалпы ережелер
✓ 2-тарау. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары
✓ 3-тарау. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары
✓ Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары
✓ Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
✓ Кеңес қызметін ұйымдастыру
Сонымен «Адалдық», «Әділдік» тақырыбында баяндама жасады. Онда педагогтың адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, айқындылығын білдіреді.
Осы орайда «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің» құрамы сайланып, мектепішілік арнайы 02.09.2020 жылы № 36 бұйрығы шығарылды. Кеңес құрамы Кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Кеңес төрайымнан, хатшыдан және Кеңестің басқа да мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан құрылды, құрамы төмендегіше бекітілді:
1.Сейфуллина О.Б – кәсіподақ ұйымының төрайымы
2.Шакенов Ж.Т – география-биология пәндерінің мұғалімі, мүше
3.Беспаева А.Т – бастауыш сынып мұғалімі, мүше
4.Айтбаева А.А.– математика пәнінің мұғалімі, мүше
5.Абильдин Б.– жеке кәсіпкер, мүше
Мектеп директоры: А.Ж.Тургимбеков