Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған ел» бағыты бойынша Үсенбаев Кәрібайға биология кабинетінің аты беріліп, ескерткіш тақта ашылды
11-01-2018 10:41
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған ел» бағыты бойынша Үсенбаев Кәрібайға биология кабинетінің аты беріліп,  ескерткіш тақта ашылды

  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған ел» бағыты бойынша 2017 жылдың 06 қаңтар айында Үсенбаев Кәрібайдың ұрпақтары «С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ» КММ –де айтулы іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды Отанды сүю, өз елінің тарихын білу, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, 

Ұстаз деген – анасы ол адамның. 

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,   

Сен де одан адам болып жаралдың.   

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,   

Қасиеті бас иелік мәңгілік!-дей келе, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін  мектепте 40 жыл ұстаздық еңбек еткен, 18 жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына» арналған, «Социалистік еңбектің екпіндісі» белгісімен және «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медалдарымен, аудандық, облыстық деңгейдегі Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталған Үсенбаев Кәрібай ағайдың аты берілген  биология кабинеті мен ескерткіш тақтаның ашылу  салтанаты өтті. Мерекелік іс-шараның алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Тұрғынбеков Айтқожа Жексенбекұлына берілді.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздық еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосқан Кәрібай ағайдың өмір жолынан бейнебаян тамашалады.

Салтанатты жиынға мектептің ардагер ұстаздары Усымбекова Ақжарқын Шаймұқанқызы, Көшекбаева Бақыт Қасымовна, Мұздыбаева Батима, Өскенбекова Күлаш Жұматайқызы, Аханова Күлпаш, Оспанова Гүлжамал, аудандық білім бөлімінің бас маманы Акимова Асылхан Маратовна,  әдіскері Жакенов Марат, Үсенбаев Кәрібай ағайдың әріптестестері, ардагер ұстаз Тайтөлеуов Мұса, «№132 ЖОББМ» КММ –нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смағұлов Бауыржан Абушахманович,  шәкірті: белгілі сазгер, әнші, республикалық байқаулардың лауреаты Есенов Қорабай Әбікенұлы қатысты.