ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ
ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен спорт алаңдарын орнату бойынша Жаңаарқа ауданында С.Сейфуллин ЖОББ мектебімен бірлесе отырып «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Қазақстанда бейімдік дене шынықтыруды дамытатын инклюзивті бейімдік спорт үйірмелері Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында ұйымдастырылса енді өзіміздің Жаңаарқа ауданындағы С.Сейфуллин ЖОББ мектебінде де ұйымдастырылып жатыр. Бұл үйірменің негізгі мақсаты ерекше күтімді қажет ететін балаларға тегін «Бочча» спрот үйірмесін ұйымдастыру
09.09.2020 күні Нұр-Сұлтан қаласынан «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы Ұлжекова Нұргүл ханым С.Сейфуллин ЖОББ мектебіне келіп, мектеп директоры А. Ж Тұрғынбеков мырзамен меморандумға қол қойды. Ерекше білімді қажет ететін балалармен олардың ата-аналарымен кездесіп «Бочча» спорттық ойынына жалпы түсініктеме берді. Ата-аналар жақсы ойларымен, жоспарларымен бөлісе отырып, ойларында жүрген сауалдарына жауап алды. Аудандық білім бөлімінен кездесуге А.М Дюсембекова ханым қатысып мектептің жаңа бастамасы әлеуметтік жобаға сәттілік тілеп, оқушыларға болашақта паралимпиада жеңімпаздары болуға тілек білдірді.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан оңалту орталығының директоры, дәрігер-реабилитолог Нурхожаева Айнур Мырзаханқызы келді. Ерекше күтімді қажет ететін балаларды қарап, «Бочча» үйірмесін жүргізетін дене шынықтыру мұғалімі А.С.Қасымовқа және ата-аналарға дәрігерлік ұсыныстарын берді.
Спорт-баланың денсаулығына оның болашағына берер пайдасы мол. Бейімдік спорт үйірмесі біздің мектепте ашылып, балаларымызға салауатты болашаққа жол ашты. Болашақта ерекше күтімді қажет ететін балаларымыз осы спорт арқылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Бочча» ойынының жарыстарына шыға алады. Болашақта С.Сейфуллин ЖОББ мектебінен «Бочча» ойынынан паралимпиада жарыстарының чемпиондары шығатынына сенеміз!