2017 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған 1-11-сыныптар аралығында «Жас Ұлан жарқын болашақ» атты тақырыпта салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды мектеп тәлімгері Акимбекова Аққу Сериковна ұйымдастырды. Жиында 4-сыныптың үздік және екпінді оқушыларын «Жас Ұландар» қатарына өткізді. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Боранбаева Шолпан Исламбековна қатысып, мұғалімдерді, ата-аналарды, оқушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Шолпан Исламбековна «Жас Ұландар» қатарына өтетін оқушылардың мойындарына галстук тағып, білімнің биік шыңдарынан көрініп, Егеменді Қазақстанымыздың азаматы болып шығуларына сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хасенова Нұрғайша Накуповна «Жас Ұландар» қатарына өткен оқушыларды құттықтады.
«Жас Ұлан жарқын болашақ» атты тақырыпта салтанатты жиын