Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Сапалы білім-оқыту мен тәрбиенің басты нысаны» тақырыбындағы мектепалды даярлық және шағын топтар апталығы
14-12-2017 09:45
«Сапалы білім-оқыту мен тәрбиенің басты нысаны» тақырыбындағы мектепалды даярлық және шағын топтар апталығы

   2017 жылдың 20 қараша айы мен 24 қараша айы аралығында «Сапалы білім-оқыту мен тәрбиенің басты нысаны» тақырыбында мектепалды даярлық және шағын топтар апталығы өтті. Мақсаты: оқушылардың қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру және шығармашылыққа баулу, танымдық әрекеттерін жандандыру, пәндерге қызығушылықтарын арттыру. Пән бірлестігінің жетекшісі Төлегенова Жұлдыз Мажикеновна. Апталықта мектепалды даярлық тобының екінші санатты  мұғалімі Балғабаева Мейрамгүл Сағатбековна математика пәнінен «Заттар жинағы»,  екінші санатты мұғалім Төлегенова Жұлдыз Мажикеновна сауат ашу пәнінен «Д д дыбысы мен әрпі»,  шағын топтың тәрбиешісі Бүркітбаева Нүргүл Қордабаевна көркем әдебиет пәнінен «Үй жануарлары»,  екінші санатты тәрбиеші Унгалбаева Гүлжан Ораловна мүсіндеу пәнінен «Аппақ қоян», екінші санатты тәрбиеші Шекимова Үкіжан Қаппасовна қоршаған ортамен танысу пәнінен «Алтын күз» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Пән бірлестігінің жетекшісі Төлегенова Жұлдыз Мажикеновнаның ұйымдастыруымен «Ойлы болсаң, озып көр» атты тақырыпта қорытынды интеллектуалды ойын өткізілді.