Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.5-11 сыныптар арасында 5-6 күндер аралығында оқушылардың адалдығын тексеру мақсатында адалдық сағаты өткізілді. Оқушылармен «Адалдық сағаты» тақырыбында әңгіме кеңес өткізіліп, балалардың ішкі ойларымен бөлісіп , сыр шертілді.
Адалдық сағаты