«Латын әрпін үйренеміз»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған мектепішілік іс-шаралар жоспары жасалды.2017 жылдың 11 – 12 желтоқсан айы аралығында «Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуіне» байланысты мектебімізде «Жаңалыққа жайбарақат қарамайық» атты іс – шара өткізілді. «Латын әрпін үйренеміз» атты тақырыпта 6-11 –сыныптар аралығында диктант алынды. Диктантқа оқушылар өз еркімен қатысты. Диктантты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Хасенова Нұрғайша Нақыпқызы ұйымдастырды.