Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Латын әліпбиінен жалпы облыстық диктант
17-09-2019 08:44
Латын әліпбиінен жалпы облыстық диктант

Қазақстан халқы  тілдері күніне арналған шаралар аясында 2019 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 11.00-де бір мезетте жалпыоблыстық диктант ұйымдастырылды. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен қолға алынған қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика көлемінде екінші рет латын графикасымен жалпы облыстық диктант жазылды. Айтулы шарадан "С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ" КММ ұстаздар қауымы мен оқушылары да шет қалмай, бір кісідей қатысты.   

Шараның негізгі мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау болғандықтан бұл жұмысқа атсалысуда ұстаздар қауымы алдыңғы лекте тұруы керек деп ойлаймын. Латын әліпбиіне көшу бүгінгі өркениетті дәуіріміздің басты талабы. Сондықтан қоғамда орын алып жатқан өзгерістерден қалыс қалмай, алға қадам баса беруіміз керек. Бүгінгі жалпы облыстық диктант жазуға әріптестеріміз бен оқушыларымыздың қызығушылығы жоғары болғанын айта кеткенім жөн. 

 Жарты сағат ішінде «Бәсекелік қабілет» тақырыбында жазылған диктантта ұстаздар айтарлықтай нәтиже көрсетіп, үздік диктант жазған ұстаздар 26 қыркүйек күні болатын "Диктант байқауына" қатысатын болады.