п.Атасу, ул. Оспанова, 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Ата -аналарды педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар
07-11-2023 14:54

Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша

әдістемелік ұсынымдар

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді (бұдан әрі – ата-аналар) педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында  әзірленді.
  2. Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
  3. балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
  4. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  5. балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

 

2-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдауды ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Орта білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдаужөніндегі қызметті ұйымдастыру Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығымен (бұдан әрі – Орталық) келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
  2. орта білім беру ұйымы басшының балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарға педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бұйрығын шығару;
  3. Орталық қызметін ұйымдастыруды басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады, ол:

- мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

- сынып жетекшілерінің, педагог-психологтердің, әлеуметтік педагогтердің және қосымша білім педагогтерінің мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін іске асыру және мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша қызметтерін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

- мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін жоспарлау кезінде осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада баяндалған ата-аналарға арналған сабақтардың ұсынылатын бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) басшылыққа алады, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

- ұсынылатын бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесін құрады.

  1. ата-аналарға арналған педагогикалық қолдауды «Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, қосымша білім педагогтері жүзеге асырады;
  2. ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып, ұсынылатын бағдарламаның 30 % - на дейінгі көлемде сабақтардың тақырыптарын өз бетінше айқындауға жол беріледі;
  3. ата-аналарға арналған сабақтар бағдарламасына зорлық-зомбылықты, жыныстық бұрмалануларды, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бұзатын өзге де құбылыстарды насихаттауға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тақырыптарды енгізуге жол берілмейді.
  4. Орталық қызметін іс жүзінде іске асыру үшін білім беру ұйымдарына мыналар ұсынылады:
  5. сауалнама арқылы ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша олардың қажеттіліктерін зерделеу;
  6. ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы хабардар ету, сабаққа қатысушылардың тізімін жасау;
  7. ата-аналарды қолдауды жүзеге асыратын педагогтерді оқытуды ұйымдастыру;
  8. ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қа мониторинг жүргізу;
  9. ата-аналардың педагогикалық қолдауға қанағаттану деңгейін анықтау бойынша жылына бір рет сауалнама жүргізу;
  10. бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде өткізілетін іс-шараларды жария ету.

6) қорытынды іс-шараларды ұйымдастыру.

  1. Интернет-ресурс болған жағдайда орта білім беру ұйымдарына «ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бөлімін құру ұсынылады, онда:
  2. ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы ақпарат;
  3. сабақ кестесі;
  4. ата-аналарға көмектесетін әдістемелік материал;
  5. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» цифрлық платформасына сілтеме орналастырылады.

 

3-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдаудың мазмұны, сабақтардың және әлеуметтік серіктестіктің түрлері

 

  1. Сабақтардың (басқа да іс-шаралардың) мазмұны орта білім ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқатты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді.
  2. Педагогикалық қолдау 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған бағдарламаларды таңдауына сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.
  3. Ата-аналарға бағыт беру, кездесулер, сабақтар бағдарламасының мазмұнымен таныстыру 15 қыркүйекке дейін өткізіледі.
  4. Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды.
  5. Сабақтар әртүрлі әдіс-тәсілдерді (семинар-практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б.), оның ішінде цифрлық ресурстарды қолдана отырып, онлайн және офлайн режимде өткізілуі мүмкін.
  6. Ата-аналарды педагогикалық қолдау үшін қосымша басқа да іс-шаралар ұсынылады: «Даналық мектебі» клубы, ата-аналар оқулары, конференциялар, ашық есік күндері, ата-аналар апталығы, ата-аналар мен балалардың қатысуымен мәдени іс-шаралар, мысалы, концерттер, театр қойылымдары, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, жорықтар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар мен акциялар.
  7. Ата-аналарды қолдау және өзара іс-қимыл жасау үшін Орталық цифрлық платформасы пайдалану ұсынылады, онда бөлімдер бойынша тақырыптық ақпарат: курс бағдарламалары, бейне дәрістер, бейне ұсынымдар, бейне жағдайлар, сұхбаттар, тақырыптық вебинарлар, ресурстардың электрондық каталогы, психологтың кеңестері, тестілер, сауалнамалар, жадынамалар, нұсқаулықтар, чек-парақтар, постерлер және басқалар қамтылады.

 

4-тарау. Орталықтың қызметін үйлестіру

 

  1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына ұсынылады:
  2. ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша қызметті үйлестіру;
  3. орта білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;
  4. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармаларының, оқу-әдістемелік орталықтар, орта білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  5. ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу;
  6. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру;
  7. бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.
  8. Аудандық, қалалық білім бөлімдеріне ұсынылады:

1) орта білім беру ұйымдарына Орталықтың қызметін ұйымдастыруға ықпал ету;

2) білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;

3) облыстық білім басқармаларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты ұсыну;

4) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.