Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша
әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді (бұдан әрі – ата-аналар) педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында әзірленді.
- Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
- балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
2-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдауды ұйымдастыру тәртібі
- Орта білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдаужөніндегі қызметті ұйымдастыру Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығымен (бұдан әрі – Орталық) келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
- орта білім беру ұйымы басшының балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарға педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бұйрығын шығару;
- Орталық қызметін ұйымдастыруды басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады, ол:
- мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- сынып жетекшілерінің, педагог-психологтердің, әлеуметтік педагогтердің және қосымша білім педагогтерінің мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін іске асыру және мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша қызметтерін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
- мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін жоспарлау кезінде осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада баяндалған ата-аналарға арналған сабақтардың ұсынылатын бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) басшылыққа алады, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- ұсынылатын бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесін құрады.
- ата-аналарға арналған педагогикалық қолдауды «Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, қосымша білім педагогтері жүзеге асырады;
- ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып, ұсынылатын бағдарламаның 30 % - на дейінгі көлемде сабақтардың тақырыптарын өз бетінше айқындауға жол беріледі;
- ата-аналарға арналған сабақтар бағдарламасына зорлық-зомбылықты, жыныстық бұрмалануларды, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бұзатын өзге де құбылыстарды насихаттауға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тақырыптарды енгізуге жол берілмейді.
- Орталық қызметін іс жүзінде іске асыру үшін білім беру ұйымдарына мыналар ұсынылады:
- сауалнама арқылы ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша олардың қажеттіліктерін зерделеу;
- ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы хабардар ету, сабаққа қатысушылардың тізімін жасау;
- ата-аналарды қолдауды жүзеге асыратын педагогтерді оқытуды ұйымдастыру;
- ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қа мониторинг жүргізу;
- ата-аналардың педагогикалық қолдауға қанағаттану деңгейін анықтау бойынша жылына бір рет сауалнама жүргізу;
- бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде өткізілетін іс-шараларды жария ету.
6) қорытынды іс-шараларды ұйымдастыру.
- Интернет-ресурс болған жағдайда орта білім беру ұйымдарына «ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бөлімін құру ұсынылады, онда:
- ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы ақпарат;
- сабақ кестесі;
- ата-аналарға көмектесетін әдістемелік материал;
- «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» цифрлық платформасына сілтеме орналастырылады.
3-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдаудың мазмұны, сабақтардың және әлеуметтік серіктестіктің түрлері
- Сабақтардың (басқа да іс-шаралардың) мазмұны орта білім ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқатты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді.
- Педагогикалық қолдау 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған бағдарламаларды таңдауына сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.
- Ата-аналарға бағыт беру, кездесулер, сабақтар бағдарламасының мазмұнымен таныстыру 15 қыркүйекке дейін өткізіледі.
- Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды.
- Сабақтар әртүрлі әдіс-тәсілдерді (семинар-практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б.), оның ішінде цифрлық ресурстарды қолдана отырып, онлайн және офлайн режимде өткізілуі мүмкін.
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау үшін қосымша басқа да іс-шаралар ұсынылады: «Даналық мектебі» клубы, ата-аналар оқулары, конференциялар, ашық есік күндері, ата-аналар апталығы, ата-аналар мен балалардың қатысуымен мәдени іс-шаралар, мысалы, концерттер, театр қойылымдары, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, жорықтар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар мен акциялар.
- Ата-аналарды қолдау және өзара іс-қимыл жасау үшін Орталық цифрлық платформасы пайдалану ұсынылады, онда бөлімдер бойынша тақырыптық ақпарат: курс бағдарламалары, бейне дәрістер, бейне ұсынымдар, бейне жағдайлар, сұхбаттар, тақырыптық вебинарлар, ресурстардың электрондық каталогы, психологтың кеңестері, тестілер, сауалнамалар, жадынамалар, нұсқаулықтар, чек-парақтар, постерлер және басқалар қамтылады.
4-тарау. Орталықтың қызметін үйлестіру
- Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына ұсынылады:
- ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша қызметті үйлестіру;
- орта білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармаларының, оқу-әдістемелік орталықтар, орта білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу;
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру;
- бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.
- Аудандық, қалалық білім бөлімдеріне ұсынылады:
1) орта білім беру ұйымдарына Орталықтың қызметін ұйымдастыруға ықпал ету;
2) білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;
3) облыстық білім басқармаларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты ұсыну;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.