п.Атасу, ул. Оспанова, 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Құқық бұзушылықтың алдын алу
20-10-2023 13:29

А.Сейдімбек атындағы ЖББ  мектебінде «Дүниежүзілік балалар күніне» арналған «Бала құқығы – адам құқығы» - атты республикалық  онкүндік іс-шараның өткізілуі туралы

Анықтама

Қараша 2022 жыл

А.Сейдімбек атындағы ЖББ мектебіндегі «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндігі өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру, балаларды заң талаптарын бұзбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуге үйрету болып табылады.Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің жоспары құрылып, бектілді.

Онкүндікке арналған іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілді.О беру ұйымдарының оқушылары аясында «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша мемлекет іске асыратын іс шаралар туралы хабардар ету мақсатында көп балалы ата-аналармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ата-аналарды толғандырып жүрген мәселелер айтылып, сұрақтар қойылып, жауап берілді.             «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары, әңгіме жүргізілді. Мұндағы басты мақсат: балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық болудың алдын - алу, құқықтық тәрбие беру, қысым көрсетушілік пен түсініспеушілікті болдырмау. Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға зорлық-зомбылық және оның алдын – алу туралы видеоролик көрсетіліп, сол бойынша оқушылар өзара талдау жұмыстарын жүргізді. Және бала құқығы, ата – ана мен бала, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жайлы айтылды. 

Шамшырақ пән бірлестігінің ұйымдастырылуымен қазақ тілі пән мұғалімдері 8-11 сыныптар арасында «Құқығым бар» тақырыбында эссе жазылды.

 

«Құқық сабақтары-өмір сабақтары» тақырыбында 7-11 сынып қыздары қатысуымен медицина қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қыз балаларға түрлі тақырыптарда, соның ішінде қыз балалардың жеке гигиенасы, тазалығы жайлы әңгіме айтылып, түсіндірме жұмысы жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.  

5-6 сынып оқушыларымен ашық  әңгіме өтті. Ашық әңгімені мектеп психологі және мектеп тәлімгері жүргізді. «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбы бойынша оқушылар өз ойларын айтып, пікірталастар болды, әртүрлі ұсыныстар жасалды. Оқушыларға тәлімгер мен психолог тарапынан бірнеше кеңестер айтылып, сауалнама жүргізілді. Қатысушы оқушылардың барлығы белсенді болды. Мұндағы мақсат: оқушылардың ой – өрісін кеңейту, өмір сүруге деген құлшыныстарын арттырып, қоғамдық жұмыстарға деген белсенділігін арттыру. 

  

 «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбына байланысты құққ бұзушылықтың алдын алу,ата-аналар мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы  жылдың 10-20 қараша аралығында аудан көлемінде «құқықбұзушылықтың алдын алу  басты міндет» атты құқықтық онкүндік аясында мектебіміздің  7Б сыныбында  «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында, 6А сыныбында «Құқықтық тәрбие – заман талабы» тақырыбында, 6Б сыныбында «Адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады» атты  сынып сағаттары өткізілді. Ондағы мақсат заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып,өз құқықтарын жете білуге,өз беттерімен салыстыра білуге,өмірде қолдана білуге үйрету,құқықтық  білімдерін толықтыру.Сынып сағатында оқушылар өз құқықтарымен танысты,толықтырды,сұрақтарға жауап берді. Онкүндікте басқа сыныптар да іс-шараларға атсалысты.

«Әр баланың құқығы бар» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.Байқауда оқушылар отбасы суретін салды.Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, жас ұрпақ бойында адамгершілік, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ата-аналарына, отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байқауға 4-6 сыныптар қатысты. Байқауға ұсынылған суреттерден балалар мен ата-аналардың отбасылық қатынастарының барлық алуан түрлілігі көрсетілген. Әр суреттен біз «отбасы» сөзіне деген құрмет сезімін, осы жарық әлем үшін отбасына деген ризашылықты көрдік. Балалар өз суреттерінде отбасыларында орныққан жылулықты, махаббат пен нәзік сезімді барынша жеткізуге тырысты. Ең үздік деп танылған 5А сынып оқушысы Адыханов Дінмұхаммед болды.

         «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 2-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама үш буынға бөлініп алынды:

Кіші буын:

•        Мектепте мені менің құқықтарыммен таныстырады: 100%-иә

•        Менің құқығым туралы ата-анам үнемі айтады: 100%-иә

Орта буын:

•        Сіз бала құқығының конвенциясы, ҚР бала құқығы туралы заңның мазмұнымен жақсы таныссыз ба? 100%-иә

•        Мектепте сізді өз құқығыңызбен таныстырады ма, өз құқығыңызды қорғауда кімге жүгінуге болатындығы туралы ақпарат берілді ме? 100%-иә

Жоғары буын:

•        Сіз бала құқығының конвенциясы, ҚР бала құқығы туралы заңның мазмұнымен жақсы таныссыз ба? 100%-иә

•        Мектепте сізді өз құқығыңызбен таныстырады ма, өз құқығыңызды қорғауда кімге жүгінуге болатындығы туралы ақпарат берілді ме? 100%-иә

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңын басшылыққа ала отырып мектебімізде бұйрық шығарылды. Кәмелетке толмағандардың қараусыз қалмауы,құқық бұзушылықты болдырмау жөніндегі жұмыстардың іске асыруы мақсатында мектеп ұжымы тарапынан топ құрылды. Ол құрамда мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектеп психологы,алғашқы әскери дайындық мұғалімі,дене тәрбие пән мұғалімдері және тәлімгер тағайындалды. Педагогикалық топ аудандық ішкі істер және білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылды.Жоғарыда аталған мұғалімдер «көше балалары», «Жас өспірім» операцияларында кезекші кестесі жасалған.Бұл күндері аудан  көшелерінде, ойын-сауық мекемелерінде, компьютерлік клубтарда күшейтілген рейдтер өтеді. Рейд жасаудың мақсаты ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандар 22.00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болмауы тиіс. ҚР ӘҚБтК - нің 132-бабын қайталап бұзғаны үшін мекеме иелеріне қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру арқылы айыппұл салынады.Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау жөніндегі жұмыс жандандырылды.

- Заң бойынша кешкі сағат 23.00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруге құқығы жоқ. Егер мұндай фактілер анықталса, онда ата-аналарға немесе қамқоршыларға қатысты ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалады. Алайда, іс жүзінде бұл туралы барлық ата-аналар біле бермейді. Сондықтан біздің іс - шарамыздың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қадағалаусыз және панасыз қалудың жолын кесу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту.

Онкүндік шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігі парақшасында орналастырылды. 18.11 күні «Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндікте атқарылған іс-шаралар қорытындыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-шаралар

Өтілу түрі

Жауаптытұлғалар

 

Сілтеме

1

«Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел»

Ата-аналармен кездесу

Психолог

Тәлімгер

 

https://www.instagram.com/p/ClBGHdJtpH1/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

2

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

 

Акция

Психолог

Тәлімгер

https://www.instagram.com/p/ClAuMRPNN9j/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

https://www.instagram.com/p/ClAuMRPNN9j/?igshid=NWQ4MGE5ZTk=

 

3

«Құқығым бар»

Эссе

 

Шамшырақ пән бірлестігі

https://www.instagram.com/p/ClDgJkoNd9i/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

4

«Құқық сабақтары- өмір сабақтары»

 

Кездесу

Психолог

Тәлімгер

https://www.instagram.com/p/ClBG0G3t-Jc/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

5

«Балалық шақты бірге қорғайық»

Презентация

Психолог

Тәлімгер

 

https://www.instagram.com/p/ClBCHiUNZFH/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

6

«Бала құқығы – адам құқығы»

Сынып сағаты

Сынып жетекшілер

 

https://www.instagram.com/p/ClDhStwNeAa/?igshid=NWQ4MGE5ZTk=

 

7

«Әр баланың құқығы бар»

Сурет байқауы

Көркем еңбек пән мұғалімдері

 

https://www.instagram.com/p/ClD3VLAN8Hi/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/ClD1k58NBPS/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

8

«Құқықтық тәрбие – заман талабы

Сынып сағаты

Сынып жетекшілер

https://www.instagram.com/p/ClEhENCNueU/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

9

«Өз құқығыңды білесің бе?

 

сауалнама

Психолог

https://www.instagram.com/p/ClFkyRfK5qE/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

10

«Түңгі қаладағы балалар»

Рейд

Мобилдік топ мүшелері

 

https://www.instagram.com/p/ClEfSI4tl_w/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

11

Әлеуметтік желіге жүктеу

 

Ақпарат

Нургазиева С.