Дені саудың - жаны сау
8 қыркүйек күні Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінде денсаулық фестивалі өтті. Фестивальге 1-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Фестивальдің ашылу салтанаты болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Аманжанов барлық оқушыларды денсаулық күнімен құттықтады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Смаилова оқушыларды денсаулық күнімен құттықтап,фестивальдің бағдарламасымен таныстырды. 1-11 сынып оқушылар арасында «Шынықсаң шымыр боларсың» атты флеш-моб өткізді.