п.Атасу, ул. Оспанова, 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету
18-02-2021 11:36

А.Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебіндегі бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамсыз етілуі туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына, «Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» ММ 03.02.2021 жылғы №19 бұйрығына сәйкес «А.Сейдімбек атындағы ЖББ мектебі» КММ 1,2 сыныпта оқитын оқушылар мен әлеуметтік санатына қарай балалар жалпыға білім беру қорынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды.            Мектепте тегін ыстық тамақпен 1,2 сыныптарда оқитын 58 оқушы (бір балаға – 390 теңге), әлеуметтік көмек қажет ететін отбасында тәрбиеленіп отырған 31 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды (бір балаға – 450 теңге). Жалпы 89 оқушы бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылып отыр.

       Тамақтану ережесінің ІІ тарау 2 – тармағының 22 тармақшасына сәйкес оқушылардың жасына байланысты бекітілген перспективті мәзірі басшылыққа алынған.

       Оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру мақсатында бракераждық (қоғамдық) комиссия құрылып, күнделікті берілген тамақ сапасы мен мөлшері тексеріліп отырады.

        Қазіргі жағдайға байланысты тамақтануды ұйымдастыруда санитарлық талаптар күнделікті қатаң бақылауға алынды. Мектеп медбикелері тарапынан үнемі тексеріліп, қажетті жағдайлар қадағаланып отырады.  Мектептердің ас блогы талапқа сәйкес ас ыдыстары мен жиһаздармен жабдықталған.