Қарттарымызды қадірлейік!
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында күзгі демалыста қарастырылған тақырыптардың бірі, "Қарты бар үйдің қазынасы бар". Осы тақырып аясында біз "Жас Ұлан" ұйымының мүшелерімен жалғыз басты қарт кісі Орынтай әжеге барған едік. Балалар әжейдің үйін жинастырды. Біз апарған тәттілерімізді ұсындық. Әжеміз көзіне жас алып, рахметін айтып, батасын берді. Осы атқарылған іс-шаралар арқылы оқушылардың бойында қамқорлық, ізгілік, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болатын.