Құттықтаймыз!

Ұлытау облысы Полиция Департаментінің, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебімізде “Жас сақшы” сыныбы ашылды.
Сыныпқа 8”А”сыныбының 21 оқушысы салтанатты түрде Ант қабылдап, Ұлытау облысы ПД полковнигі Қ.Әлиевтің қолынан Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сыныптың ашылуына тікелей қолдау көрсеткен аудандық білім бөлімі, Жаңаарқа ІІБ-не мектеп ұжымы атынан алғыс айтамыз.
“Жас сақшылар” кабинетінің аты Жаңаарқа ауданы ПБ қызметтік міндеттерді атқару кезінде қаза тапқан Ашимов Сакен Салтанатұлы атына беріліп отыр.
