О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде жылдағы үрдіс бойынша қазан айының 23,24,25-і күндері аралығында сессия өтті. Сессияның мақсат-міндеттері: Магниттік мектептердің 8,9-сынып оқушыларын ортаға бейімдей отырып, теорияда оқығандарын одан әрі дамыту, шығармашылыққа бағыттау, терең білім беру, білімдерін салыстыру, оқытудың вариативті бөлігінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыру; оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағыттайтын жұмыстар жүргізу, оқушының өз мүмкіндігі мен қажеттілігін көре білуіне жол ашу.
Сессияға 6 магниттік мектептен 100 оқушы қатысты. Олар: Ақтау ЖОББМ, Көктал ЖОББМ, Жаңаарқа ЖОББМ, Ақтайлақ НОМ, Қараағаш БМ, Ақтүбек ЖОББМ.
Оқушылар қысқы оқыту сессиясына дейін бір-бірімен қоштасса,қашықтықтан білім алу үрдісі өз жалғасын табады.