1 қыркүйек - Білім күні
Қыркүйектің екісі күні О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде (РО) "Мен - өз елімнің патриотымын" атты салтанатты жиыны өтті. Жиынды мектеп директоры Рахимов Рсқали Серікбайұлы ашты. Салтанатты жиынға Тілдер бөлімінің басшысы А.Түсіпов білім күнімен құттықтап, бірніші сынып оқушыларын алғашқы қадамдарымен құттықтап, сәттілік тіледі. Алғашқы қоңырауды 11 сыныптың үздік оқушылары Н.Оспанова мен М.Мұқтатаев және 1 сынып оқушылары М.Мүбарак пен Б.Әділжан соқты. Білім күні "Мен - өз елімнің патриотымын" атты тақырыппен әр сыныптарда сынып сағаты өткізілуімен жалғасты.