Жазғы демалыстан сағынышпен мектептерiне оралған жас бүлдiршiндерiмiздiң қуанышында шек жоқ. Дастүрлi мереке болса да жыл сайын көңiлден ерекше орын алатын Бiлiм күнi бугiн де ерекше аталынып өттi. Бiлiм күнiне арнайы қонақ болған аудан акiмi Б.Ю.Асанұлы салтанатты жиынға қатысып 1 сыныпқа қадам басқан бүлдiршiндерге ыстық лебiзiн бiлдiрдi. Келген қонақтар, ата-аналар бiлiм күнiне арналған "Мен- өз елiмнiң патриотымын" атты сабақтарына қатысып оқушылармен бiрге ой бөлicтi. Салтанатты жиынымыз мектептiң екiншi қабатында орналасқан Stem лабораториясын ашылу салтанатына ұласты. Республика бойынша 6 Stem кабинетi ашылған болса жетiншi Stem кабинетi Қарағанды облысы бойынша О. Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебiнде ашылып отыр. Кемел елдiң болашағы-бүгiнгi жастар. Осы игi iстердiң барлығы оқушыларымыздың болашағы үшiн.
1 қыркүйек - Білім күні