ЖАРТЫ ҒАСЫРДА- ЖАҢА ЖҮЗДЕСУ
ЖАРТЫ ҒАСЫРДА- ЖАҢА ЖҮЗДЕСУ
Бұл күн 50 жылдан соң мектепке келген сағынысқан сыныптастардың қауышу күні. Ақ бантиктерін ақ жаулыққа ауыстырған асыл аналар мен ел ағаларының арасында білдей халық қалаулылары, түрлі ғылым салаларында еңбек сіңірген азаматтар да бар.
Ән әуелеген әсерлі кеште алдыңғы буын ағалар үлкен өмірге қадам басқан бітірушілерге ақ тілектерін арнады. Үмітін үкілеген түлектерге сәтті сапар тіледі. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқанына жарты ғасыр болған түлектер мектептің əрбір бұрышы ыстық екенін ыстық ілтипаттарымен жеткізді.