Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Р. А. Омарова, Г. Құсайынова, Г. Тәжібекова бірігіп" Методы и приемы проведения современного урока" тақырыбында ықшам сабақты ұсынды. А. Ахметова "Методика проведения Lesson study" тақырыбында педагог-зерттеуші ретінде өз тәжірибесімен бөлісіп, нысанға алынған сынып, оқушылар бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижесі мен таныстырды, болашақтағы жоспары мен де бөлісті.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі ШакеноваІ. "Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру" тақырыбы бойынша АКТ-ны пайдаланып, ағылшын сабағын тиімді ұйымдастырып өткізу жөнінде бір шама әдіс-тәсілдер қоржынындағы мағлұматтар мен бөлісті.
Тарих пәнінің мұғалімдері К. Ахатова, Ж. Бекен "Тарих сабағында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану" тақырыбында қазіргі заманға сай педагогикалық шеберліктерін байқата отырып, мұғалімдермен түрлі топтық, жекелей жұмыс ұйымдастырып, семинарды аяқтады