"Құқықтық навигатор" құқықтық сауаттылық апталығы
Құқықтық сауаттылық апталығы "Өнегелі өмір" жобасы аясында білікті заңгер Бұхар жырау ауданының номері 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Сабыр( Биткөзова )Айнұр Диханбайқызымен кездесу өтті.
"Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жұмыспен қамту мәселесі" тақырыбы аясында сұхбат болды. Құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, заңды құрметтеуге, өзінің құқықтарын білу мақсатында өткізілген іс-шарада 9-10-11 сынып оқушылары көкейіндегі мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.