"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы
"ЖЕЛІ БОЙЫНША ҚОЗҒАЛЫС"
Жетекші: Аманкелдінов А.Ғ
5 "Б" сынып оқушылары
Робот алғаш пайда болған уақыттан бастап, олардың арасында да түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Солардың бірі және кең тарағаны – сызық бойымен қозғалу. Сызық бойымен қозғалатын робот құрастырып программа жазу үшін жарыстың талаптарын білуіміз керек.
Роботтың сызық бойымен жарысының негізгі талаптары:
1. Жарысқа қатысушы робот берілген траектория бойынша басынан аяғына дейін жүріп өтуге қабілетті дербес робот болуы керек.
2. Сызықтарды жүріп өтуге жұмсалатын ең үлкен уақыт 2 минуттан аспауы тиіс.
3. Жарыс кезінде робот алаңдағы қара сызық бойымен қозғала отырып, кедергілерден өтіп, аз уақыт ішінде ең көп ұпай жинауы тиіс.