Оқу сауаттылығы апталығының алтыншы күні. Республикалық және әлемдік кітапханаларға экскурсиялар,кітап фестивалі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары " Толағай" ертегісі кейіпкерлерін сомдаса,5-7 сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың" Менің атым Қожа" әңгімесін талдап, " Кешегі Қожа" мен " Бүгінгі Қожаны" салыстырып,өзара пікірлерімен бөлісті. Кітап фестивалі аясында мектебіміздің кітапханасы мен ауданымыздың С.Сейфулин атындағы кітапханасына бастауыш сынып оқушыларымен экскурсиялар ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары Республикамыздағы және әлемдік ірі кітапханаларға шолу жасады.Атқарылған іс-шаралар мақсаты "Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы" екендігін айғақтау және оқушыларымыздың кітапқа деген қызушылығын арттыруға бағытталды.
Оқу сауаттылығы апталығының алтыншы күні.