"БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ"
Конвенция – бірегей халықаралық балалар Конституциясы. Бұл халықаралық құжат тек бала құқықтарының тізбесін ғана емес, ең алдымен балалардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді.
Балалар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалу және көмек алу құқықтарын сезінуіне, мемлекет пен әрбір азаматтың әр адамның тағдыры, Отанымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өзара жауапкершілігін сезінуіне жәрдемдесу мақсатында О. Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінде "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ»атты бiрыңғай сынып сағаттары өтті. Сабаққа IIБ ИПИ А.Бейсембаев, Д. Кутумова және ата-аналар қатысты.
Iс-шара жоспар бойынша конференция, семинарлар, дөңгелек үстел, флеш-моб сияқтылармен қамтылды.
"БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ"