Атасу кенті, Ақселеу Сейдімбеков көшесі, 60
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
БОЛАШАҚҚА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІММЕН.
19-04-2019 15:04
БОЛАШАҚҚА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІММЕН.

БОЛАШАҚҚА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІММЕН

Ұстаздық әрқашан ізденімпаздықты, жан-жақтылықты қажет ететін мамандық. Заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын арттыратын тың бағдарлама – мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну. Ғылым мен техника ұштаса дамыған заманда білім берудің мазмұнын жаңартып, оқыту үдерісіне де өзгерістер енгізу талап етілді. Соған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Осы орайда, бүгін ауданымыздағы іргелі білім ошағы О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқу шаттығы» жобасының, «Бір аймақ – бір кітап» акциясының нәтижесін және 2018-2019 оқу жылын қорытындылау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық қорытынды семинарына жиналдық. Бұл семинардағы басты мақсат – білім беру ұйымдарындағы жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру бағытында жүргізілген жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу. «Оқу шаттығы», «Бір аймақ – бір кітап» жобаларын қорытындылау. Жыл бойы өткізілген іс-шаралардың нәтижесін талқылау.
Семинардың ашылу салтанатына аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Марат Жәкенов, аудандық білім бөлімі әдіскері Мұхамедина Әсем Сембіқызы, мектеп директоры Рысқали Рахимов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қарашаш Байтуғанова және ұстаздар қауымы қатысты.
Салтанатта сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсем Сембіқызы жас ұрпақтың бойында туған жерге, туған елге деген патриоттық сезімді ұялатудың болашақ үшін мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Білім ордасының ұстаздары жаңартылған білім беру мазмұнына сай шеберлік сабақтарын өткізіп, оқушылардың зейінін ашуға талпыныс жасады. Атап айтсақ, 6-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен А.Алтай «Прописка» (пән мұғалімі Сақауова Ж.Б.), 8-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Қуыршақ театры» тақырыптарында (пән мұғалімі Сыздықова Ж.) жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алған оқушылармен ашық сабақтар көрсетіліп, өз мазмұндылығымен ерекшеленді. Келген қонақтар мектеп мұғалімдерінің түрлі сабақтарына қатысып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес, әр педагог оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға барынша атсалысуы керек. Бұл орайда ауданымыздағы мектеп ұжымдары жас буынды оқытудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін сараптап, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелерін қолданысқа енгізуде. Бүгінгі семинар да осы мақсатты меже тұтты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләйлә Байділдина ұстаздармен тәжірибе алмасу сабағын өткізді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша ой алмасып, мұғалімдердің тәжірибесі сараланды, озық ойлар ортаға салынды. 
Осыдан соң «Өнімдер жәрмеңкесі» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұстаздардың жыл бойғы жетістіктері сараланып, нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінің мұғалімі О.Сейфуллинаның «Оқу шаттығы» жобасы бойынша жинағы, №132 ЖОББМ мұғалімі Н.Н.Шамаеваның «Ұлы даланың жеті қыры» аясында жарық көрген мақалалар жинағы, Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі мұғалімі М.Жамауованың құрастырған оқушы дәптері, Жаңаарқа ЖОББМ мұғалімі С.Қыдырбекованың «Бір аймақ – бір кітап» акциясына арналған бүктемесі үздік деп танылып, аудандық білім бөлімі басшысы Т.Б.Әштаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен «Өнімдер жәрмеңкесі» көрмесінде сарапшылардың бағалауымен жалпы жақсы көрсеткіш көрсетіп, ауыл мектептері арасынан І орынды Ақтау ЖОББМ иеленсе, ІІ орынды Ж.Сәдуақасов атындағы ЖОББМ, ІІІ орынды Қызылжар мектебі місе тұтты. Ал, аудан мектептері арасынан І орынды О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ жеңіп алса, ІІ орынды Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі иеленіп, ІІІ орынды №132 ЖОББМ еншіледі.
Егемен елдің ертеңі – бүгінгі балалар. Ұлттық руханияттың уызына жарыған, ел мүддесін бәрінен де биік қоятын азаматтар бар кезде ғана әлемдік аренадан ойып тұрып орын аларымыз ақиқат. Ендеше, ел ертеңі – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.