п. Атасу, ул. Школьная, 43
2-75-42, 2-81-09
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 460
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 721
Смотреть результат
Статистика посещений
Дебют - 2018 жас мамандар сайысы
19-02-2018 13:16
Дебют - 2018 жас мамандар сайысы

15 ақпан 2018 ж. Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) оқу ісінің меңгерушісі Аханова Гүлмира Рахметовнаның ұйымдастыруымен жас мамандар сайысы өтті. Сайысқа 11 жас мұғалім қатысты. 

Сайыстың мақсаты:жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Сайыстың бағыттары:

  • педагогтардың педагогикалық қызметте өзін-өзі анықтау бағдары;

  • педагогтардың білім беру мекемелерінің болашақтағы дамуына бағдары;

  • білім беру мекемелерінде жаңаша өзгерістер кезінде педагогикалық қызметтің дамыту процесіне мұғалімдерді енгізу;

  • шынайы білім беру процесінде жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтау және тарату;

  • шығармашыл жастарды қолдау.

Сайыстың негізгі міндеттері:

  • педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін өсіру;

  • жас педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіру;

  • жас педагогтердің оқу-тәрбие процесіне инновациялар енгізуде және ізденуде мотивацияларын арттыру;

  • инновациялық және эксперименталдық жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін арттыру;

  • жас мамандардың педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілуіне және анализ жасауына, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдарын дамыту;

  • жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында әріптестердің өз ойын білдіруге, кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу

Сайыстың өткізілу барысы

1.Визит карточка «Мамандығым – мақтанышым» (өзін-өзі таныстыру)

Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің сабақ беретін пәнін қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс.

Бағалау критерийлері:

- ерекшелігі;

- мәнерлілігі;

- сахна мәдениеті;

- креативтілігі.

Сайыстың қазылар алқасы 

мектеп директоры Бибосынов Сұлтан Сексенбаевич;

аудандық білім бөлімінің әдіскері Кубеева Гүлшахар Жарылғапқызы

Аудандық дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Ахметов Алмаз

Жастар ресурстық орталығының басшысы Сердалинова Мрра Зулфхарқызы

Мектеп директорының ресурстық орынбасары Игенов Еркебулан Даулетбаевич

Дарынды балаға талантты ұстаз республикалық сайысының жеңімпазы, тәжірибелі ұстаз Жамауова Маржан Кәдірбайқызы

2. «Өнерлінің өрісі кең»

Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-4 минут).

Бағалау критерийлері:

- ерекшелігі;

- сахна мәдениеті;

- креативтілігі.

 

 3. «Менің педагогикалық ашылымдарым» тақырыбында педагогикалық жобаларды қорғау.

Мұғалім өзінің жоба әзірлемесін дайындайды. Мұнда жобаның жүзеге асу жолдары мен жеткен нәтижелері берілуі тиіс. Сонымен қатар жоба мұғалімнің пәнге байланысты белгілі бір тақырыпты меңгерту әдістемесі болуы да мүмкін. Жобалық әзірлемелер мына мәселелерді қамтиды:

  • педагогикалық мәселені тудырған жағдаятты сипаттап жазу;

  • мәселені көрсете білуі;

  • жобаның мақсаты, оны жүзеге асыру кезеңі, әрекет технологиясы;

  • мәселені шешу жолдарын түйіндеп бере алуы;

  • міндеттер мен әрекет ету жоспары;

  • күтілетін білім нәтижесі;

  • нәтижеге жету өлшемдерін сипаттау және диагностикалау әдістері;

  • жеткен білім нәтижелерін сипаттау, жобаның нәтижелелігі мен жеткен жетістіктері.

Мұғалімнің жобалау және әдістемелік қабілеттерін көрсететін жобаның мазмұндылығы мен сипатталуы басым рөлге ие болады. Қосымша ретінде оқу-бағдарламалық құжаттар ұсынылуы мүмкін.

Мұғалімнің жобалық әзірлемесін компьютерлік презентация нұсқасында беруге болады.

4.  Ой толғау «Білікті маман – Ел тірегі»

Тақырып байқау күні беріледі. Пікірсайыста кез келген ақпаратты қолдануға болады.

Бағалау критерийлері:

 - педагогикалық эрудиция, мәселені түсінуі, мәселе бойынша өз пікірін дәлелді жеткізе білуі;

Сайыс қорытындысы бойынша:

 «Педагог-психолог» номинациясы бойынша І ОРЫН – мектеп психолгы Тимаганбетова Фариза;

БАС ЖҮЛДЕ «Үздік жас маман» атағымен денешынықтыру пәнінің мұғалімі Мукунбаев Балтабай;

І ОРЫН – физика пәнінің мұғалімі Сәлкенов Думан;

ІІ ОРЫН – музыка пәнінің мұғалімі Әлжанов Дәурен;

ІІ ОРЫН – денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сейтжапанов Сырым;

ІІІ ОРЫН – тарих пәнінің мұғалімі Мананбаев Құдайберген;

ІІІ ОРЫН   -  денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қоранов Мади.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Сердалинова Мираның  арнайы дипломы және бағалы сыйлығымен Мукунбаев Балтабай, Әлжанов Дәурен, Сәлкенов Думан 19.02.2018 ж. сапта тұруда марапаттады.