Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұйрықпен бекітілген)

«Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ  базасындағы тірек мектебі

 (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі

2019-2020, 2020-2021  оқу жылдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбиелік іс -шаралар есебі

Әр оқу жылының басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітіледі.

Осы мақсатта «Адал Ұрпақ»клубы секциясы қызметі  ұйымдастырылып, жұмыс жоспары жасалды, сыныптардан үміткерлер таңдалып алынып, клуб мүшелері сайланды. Осы клуб жұмысын жандандыру үшін 2019-2020  біршама тәрбиелік іс-шаралар атқарылды: ай сайын Адалдық сағаттары, «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы 10-11 сыныптар, «Қазақстан-құқықтық мемлекет» айлығы (қараша айы), «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы 5-6 сыныптар, Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» эссе,  7-8 сыныптар 6, өткізілді.

Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің қатысуымен  Сарыарқа саңлағы" жастар жобасын іске асыру және өткізу Тұжырымдамасы негізінде  Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінде "Адамгершілік және рухани тазалық" тақырыбында мектепішілік бірінші дебат турнирі өтті.

Дебатқа 10 б сынып оқушылары Үкімет-Ахмедия Жарас, Қабдулхамитов Ернұр, Оппозиция –Қаленов Ерназар, Балағазина Ділназ қатысты.

Оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, рухани құндылықтарын дамыту  мақсатында өткізілген бұл шарада ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың адамгершілік жайлы ой-пікірлері негізге алынды. Сонымен қатар, қазіргі кезде ықпалы мол болып отырған әлеуметтік желі де ой талқыға түсті.

https://www.instagram.com/p/B7FtvU1F4NV/?igshid=in390zu7iyp2

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=509769116560467&id=100025821503415

 

2019-2020 оқу жылында мектеп асханасында «Адалдық дүкені» жұмыс істеді, мектеп асханасынан арнайы бұрыш ашылып, сатушысыз сөреден оқушылар тағамдар алып, ақшасын арнайы құтыға салып отырды. Бұл шара оқушылар бойында адалдықты қалыптастыру, біреудің ала жібін аттамау дағдысын қалыптастыруға септігін тигізді, және көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Сонымен қатар, аталған оқу жылында бірыңғай парасаттылық сабақтары өткізіліп, оған мектептің барлық сыныптары қатысты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=516557042548341&id=100025821503415

https://www.instagram.com/p/B7aTUXqF0Ij/?igshid=1ax3em97seu5p

наурыз айында 8 а сыныбында сынып жетекшісі Асамиданова Б.М. және мектеп кітапхана қызметкері Рысмағанбетова Р.Ж. ұйымдастыруымен «Әл -Фараби шығармаларындағы адалдық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушыларға ғұламаның еңбектері арқылы адалдық ардың ісі екені жайлы , «еңбекпен тапқан мал тәтті» екені түсіндірілді.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=551143525756359&id=100025821503415

Оқушылар мен мектеп ұжымына 4 тоқсанда адалдық сағаттары қашықтықтан өткізілді. Бейнекөрсетілімдер, жадынамалар әлеуметтік желі, Watcapp желісі арқылы таратылып, жұмыстар жүріп отырды.

2020-2021 оқу жылында алғашқы педкеңесте «Рухани –адамгершілік және азаматтық –патриоттық тәрбие контексінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру» баяндамасы жасалды, ұжымға педэтика жайлы айтылып, қоғамға жат қылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа мүлде жол бермеу қағидалары түсіндірілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=657263458477698&id=100025821503415

Қыркүйек  айында сынып жетекшлер отырысында «Педагогикалық әлеп қағидалары» тақырыбында Алина М.А. баяндама жасады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=672783153592395&id=100025821503415%D0%9F%D0%B5%D0%B4%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BF

Қазан айында «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің» жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сай кеңес  құрылды, оның құрамына аудандық білім бөлімінің әдіскері, кәсіподақ ұйымының мүшелері және  зейнеткер ұстаздар бар.

   Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік қағидаттарын басшылыққа алды.

Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мақсатында мектебімізде 2020 жылдың 8 қазаныңда  ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізіліп, оған 70 мұғалім қатысты. Жиналыста педагогикалық әдеп қағидаларының жалпы ережелері таныстырылды. Баяндама жасаған Алина М.А.- кәсіподақ кеңесінің мүшесі. 

- Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары;

- Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта;

- Педагогтер білім беру процесінде қатысушылармен қарым-қатынас жасауда;

 Педагогикалық әдепті сақтау керек екендігі айтылды.

Мектеп психологі Серикбаева А.А. педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын сақтау  туралы кеңес берді.

 

      Болашақта әр педагог өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды деп сенеміз деп мектеп директоры жиналысты қорытындылады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=698547174349326&id=100025821503415

Әр ай сайын қашықтықтан Адалдық сағаттары өткізілді.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=730624584474918&id=100025821503415

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=730624584474918&id=100025821503415

Сонымен қатар, табысқа таза еңбек адал жүрекпен жету- әр адамның мұраты болу керек деген ұғымды насихаттайтын әлеуметтік желілер, ZOOM  платформасы арқылы бірнеше табысты еңбек адамдарымен кездесулер ұйымдастырылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=738144900389553&id=100025821503415

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.

09 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ  «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат» акциясын өткізді. Акцияға Б.Амалбеков атындағы  ЖОББ мектебі де қатысып,  қолдады.

Акция қатысушылары «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЖАТ», «КОРРУПЦИЯ НЕ  ДЛЯ НАС» және  « SYBAILAS    JEMQORLYQ BіZ ÚSHіN JAT» деген ұран сөздер жазылған плакаттарды ұстап фотоға түсіп, оны әлеуметтік желілерде жариялады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=723051271673414&id=100019056428366

«Бала тәрбиесіндегі ата -ананың ролі» дөңгелек үстелі барысында да , ата аналар арасында баланы адалдыққа тәрбиелеу, адал жолмен жүру тақырыбында әңгіме өрбіді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=780398709497505&id=100025821503415

«Адал ұрпақ» клубы мүшелерімен  «Жастар және Қоғам»    пікірталасы ұйымдастырылды.

 Мақсаты:Оқушыларға жастар және олардың әрекеті туралы түсінігін жетілдіру, өз ойларын айта білуге, дәлелді мысалдар келтіруге, өз көзқарастарын, ой толғауларын жеткізе білуге бағыт беру. Оқушылардың қоғамдағы міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру. Қоғамға, өз ортасына саналықпен қарау сияқты көзқарасын қалыптастыру.

8-11 сынып оқушылары отбасылары арасында адал еңбекке баулитын көріністерді сахналаудан байқау өтті. Байқау жеңімпазы Төкен отбасы сахналаған Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» қойылымы мектептің әлеуметтік парақшасында жарияланды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=765899594280750&id=100025821503415

мектеп кітапхана қызметкері , сыбайлас жемқорлықпен күрес тобының өкілі Қуанышбекова Б.Ж. қаңтар айында сынып жетекшілер отырысында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрқайсымыздан басталады» тақырыбында баяндама жасады.

Құқық пен міндет, отан алдындағы адалдық тақырыбына ынып жетекшілер жоспарға сәйкес сынып сағаттарын өткізеді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=768211217382921&id=100025821503415

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=776204073250302&id=100025821503415

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=777947596409283&id=100025821503415

мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға арналған стенд және сенім жәшігі орналастырылған.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары     Аманжолова Г.Ж.