Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ұстаздар күні
05-10-2017 09:24

   Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаз деген ежелден ұлылық пен даналық қасиеттерді ұштастырған асыл ұғым. Себебі әрбір ілім ұстаз арқылы үйретіліп, ұстаздар арқылы әлемге ізгілік таралады.

Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстазынан өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Ендеше еліміздің мақтанынышы болған ұстаздар қауымы мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!

Ізге ниетпен  Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектеп базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ