Педагогикалық әдеп бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Ақтайлақ НОМ 2021-2022 оқу жылы
Мектеп директоры педагогтерді «Педагогикалық әдеп қағидаларымен» таныстырды, қағидалар басшылыққа алынды.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрылды, кеңес құрамы директордың бұйрығымен бекітілген.
Әдеп жөніндегі кеңесіне педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады.
Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік қағидаттарын басшылыққа алады.
Кеңес құрамы 7 адамнан, хатшыдан құралды.
Мектеп сайтында бұйрық, кодекс, ақпарат нормативтік құжаттар модулі бұйрық бөліміне орналастырылды