Размер шрифта:
↑Наверх
Ақтау ауылдық округі
87105953028, 5-30-84
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 651
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Өлкетануды оқытудағы электронды оқулықтың қысқаша мазмұны

Өлкетануды оқытудағы электронды оқулықтың рөлі.

Құрметті тыңдармаңдар!

 

Отан тарихы өлке тарихынан бастау алатыны белгілі. Ауыл – қазақ ұлтының алтын бесігі, тарихының діңгегі. Ауыл – ұлт ұясы дегенге саяды, ал Өлкетану - Отан тарихының құрамдас бөлімі ретінде белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеу және білімдерді жинақтау ісі. Өлкетану туған елмен жердің тарихын зерттеуден басталады. Ұсынылып отырған Электронды оқулықта ауылымыздың Ақтау өлкесінің тарихы, киелі жерлері мен тау-тастары жайындағы  деректермен қамтылады.

Өлкетану саласы Отан тарихының  ажырамас бір бөлшегі ретінде қарастырып, көптеген жұмыстар жасалды. Атап айтатын болсақ, 2002 жылдан бері біздің Ақтау орта мектебі мектеп оқушылары өлкетану саласында  көптеген жұмыстар атқарды. Халықтың этимологиясымен айналысып, ел тарихына қатысты көкірегі шежіреге толы дархан даланың қарияларынан көптеген деректер жазылып алынды. Ауыл әкімдігінің қолдауымен 2 рет оқушылардың қатысуымен этнографиялық экспедициялар ұйымдастырдық. Осы экспедициялар нәтижесінде жинақталған заттай және ауызша деректер талданып, сарапталып,  жүйеленді. 2004 жылдан бері мектепте мұражай ұйымдастыру жолға қойылды. Мұражайда өлке тарихына қатысты құнды деректерді     өз деңгейінде насихаттау жұмыстары жасалды. Мұражай қазіргі уақытта 4 (төрт) бөлімнен тұрады.  Олар: тарихи-археологиялық, этнографиялық және Ақтау өлкесінің табиғи ортасы «Тіл менің қазынам» бөлімдері. Бұл  мұражайда қазіргі таңда сонау қола дәуірінен бастап қазіргі заман дәуірлерінен жинақталған 500-ден аса құнды жәдігерлер топтастырылған. Әсіресе, Атасу мәдениетінің орталығы Мыңбай сайынан табылған  мыс ауыздық  құнды жәдігерлердің бірі болып табылады.

Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтау өлкесінің  сонау  ежелгі дәуірден бері сан мыңдаған адамдар мекендеген құт мекен екенін Академик  Әлкей Марғұлан бастаған  еліміздің археологтары өз зерттеулері арқылы дәлелдеді. Осындай өлкеміздің  бай тарихын оқушылардың құзыреттілігін арттыруға  кең түрде қолдану біз үшін, яғни, тарихшылар үшін үлкен міндет екені анық.

Белгілі өлкетанушылар Ібрахым Ісләмұлы мен Жомарт Қызбалаұлымен бірігіп  Мақсат Әнуарұлы танымдық еңбек «Ақтауым-атамекенім» кітабын  2010 жылы шығарды. Өлке тарихын насихаттауда және Отандық тарихта өзіндік үлес қалдырған бұл кітапқа бағаны оқырмандар бере жатар.

Бүгінгі таңда  жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылықтарының аздығы  қоғамдағы басты мәселе, осы жобаны қолға алуыма мәжбүр етті. Яғни, заманауи компьютерде оқуға мүмкіндік беретін  электронды оқулық жобасы дүниеге келіп отыр. Бұл электронды анықтамалық немесе оқулықта өлке тарихына қатысты деректер бірнеше жүйеге бөлінген.  Осы жүйе негізінде  оқушылар бейнероликтер және  суреттер түрінде,  мәтін түрінде деректер ала алады. Яғни, оқушыларға берілген бұл оқулық арқылы өлкетануды оқытудағы өзіндік  қолтаңба қалдыратынымыз анық.

          Бұл оқулық  бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі болып табылады. Оқулықты дайындауда мектеп телеарнасының және оқушылардың біршама  еңбегі  сіңді. Оқушылар суреттер  арқылы бейнероликтер дайындады.

          Электронды оқулықты дыбыстаған мектебіміздің ұстаздары-бастауыш сынып мұғалімі- Макшеева Алтыншаш Аманжоловна және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- Акашева Гулжанат Онгарбаевна.

          Электронды оқулықты дыбыстаған мектебіміздің үздік оқушылары – Кенжебекова Әйгерім Ерболқызы, Хасенова Ақерке Болатбекқызы.

          Бағдарламамен қамтамасыз етуші – Мұхтар Мағауин.

          Дыбысты телеарнада жазушы топ - Шалғынбаева Айнұр Азаматқызы, Рахымбаева Айдана Әділханқызы.

          Оқулықтың өңделген жері – мектеп телеарнасы.

          Өлкетану электронды оқулығының авторы -  Арунов Мақсат Әнуарұлы.

          Отан тарихының бір бөлшегі болып саналатын өлкетану саласына бір кірпіш қаланды деп ойлауға болады. Ақпараттандыру заманында жас ұрпақтың заман талабына сай компьютерде  өлке тарихын зерделеп оқып санасына тоқып оқыса өте дұрыс  болатыны анық. Жаңаарқа ауданының бір бөлшегі болып саналатын  Ақтау өңірінің тарихын қысқаша  электронды түрде жеткізіп көрсету  қызықты екені анық. Әрине, өзіне тән кемшін түсіп жатқан тұстарыда  бар екені байқалады. Бірақ, бабаларымыз                           «Көш жүре түзеледі» деген даналық сөзі  осыған байланысты айтылғандай көрінеді.   Қорыта айтқанда түрлі жер атауларына қатысты  түсіндірмелерді дыбыстауға қатысты суреттер дайындалды.  Яғни,  мектеп телеарнасы оқушылардың құзыреттілігін арттыруда өзіндік рөл атқаруда.  Бұл оқулық оқушылардың өлкетануға деген  қызығушылығын арттыруда өзіндік үлес қосары анық.