Атасу кенті, Ақселеу Сейдімбеков көшесі, 60
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Адал ұрпақ

«Адал Ұрпақ» еріктілер клубына оқушыларды қабылдау жиынының сценарийі

Өтетін күні: 09.03.2021 жыл

Өтетін уақыты: сағат 11.00

Өтетін орны : Акт зал

Жүргізуші:

     Қайырылы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерін қабылдау салтанатына қош келдіңіздер!

    Бүгінгі таңда барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары ашылуда.

    Бойлары жігерге толы,ел өркениетінің дамуына сүбелі үлес қосуға, қоғамдағы түрлі болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдан-алуға өздерінің белсенді іс-әрекеттерімен дендеп кіріскен жас өскіндердің мақсаты биік, міндеті айқын.

    «Адал ұрпақ» клубының мақсаты: оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –құлқын қалыптастыру.

   Бүгінгі оқушыларды «Адал ұрпақ» клубына қабылдау жиынын ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директоры Рахимов Рысқали Серікбайұлына беріледі.  

 (Директор сөз сөйлейді)

 

Жүргізуші:

Адалдықтың негізінде шындық бар,

Адалдықсыз ақиқаттың жолы тар.

Адал ұрпақ бола алмасаң егер де,

Арқа сүйей алар ма екен елім нар?!

Жүргізуші:

    Қазақ халқы ұлылығы басым, тұғыр тағылымы арқасында ұлды ұлылығымен, қызды қылығымен адалдыққа баулыған. Адалдық -рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі ,рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары.

Адалдық – адамгершілік парасаттың ең биік шыңы. Ол кез-келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді. Атам қазақ     

     «Адамдықтың нұры бол, адалдықтың құлы бол» деп, келер ұрпақты ақиқатты ардақ тұтуға шақырады.

     Ендігі кезекті ант қабылдау рәсіміне береміз

 1. Серік Аружан 10«Б»

 2. Бекенова Ажар 9 «Б»

 3. Аманжол Сабина 9 «Б»

 4. Жәнібекқызы Ақбота 9 «Б»

 5. Русланқызы Аделя 9 «А»

 6. Аманова Нұрсәуле 8 «А»

 7. Шүленбай Фариза 7 «В»

 8. Тлеубаева Жұлдыз 9 «Б»

 9. Өмірхан Назерке 7 «Ә»

 10. Тылеубаева Айша 8 «В»

 11. Алпысбай Айшабибі 8 «В»

 12. Тәжікеева Тоғжан 7 «Б»

 13. Олжабай Гүлнұр 9 «Б»

 14. Ізбасар Назерке 9 «Б»

Біздің ұранымыз: (Ораш Жұлдызай)

Біз- Тәуелсіз Қазақстанның адал ұрпағымыз!

Біз -сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Біз - өз Отанымыздың патриотымыз!

Жүргізуші:

    Адал ұрпақ ерікті мектеп клубы мүшесі ретінде баршаңыздың алдарыңызда игі іс өз жалғасын табатындығына сенім білдіреміз.

 

"Адал ұрпақ" еріктілер мектеп клубы
"Парасатты азамат" бұрышы