
№1 мектеп-лицейінде аудандық «Тандем» жобасы аясында «1-сынып бағдарламасымен танысу» атты семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны тәжірибелі педагогтер А.С. Толеутаева , Г. Е.Бабатаева, Г.Е.Керимбаева және А.Б.Райымбек өткізді. Кездесуге №1 мектеп-лицей ұжымы мен "Дария" балабақшасының ұжымы қатысып, білім берудің ерекшеліктерімен танысты.
Семинардың басты мақсаты– 1-сынып бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіру, балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту және педагогтар арасында тәжірибе алмасу болды. Іс-шара барысында қатысушылар жаңа оқу бағдарламасының құрылымымен, оқу мақсаттарымен, оқыту әдістерімен және 1-сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдарымен танысты.
Мұндай тәжірибе алмасу алаңдары мектеп пен балабақша арасындағы ынтымақтастықты арттырып, балалардың мектепке дайындығын жақсартуға оң әсерін тигізеді.
№1 мектеп-лицейі мен «Дария» балабақшасы алдағы уақытта да осындай бірлескен шараларды ұйымдастырып, білім беру сапасын жақсартуға бірге үлес қоспақ.