Функционалдық сауаттылық

Нақты ғылымдар апталығы аясында 06.02.2025 ж. күні «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында мектеп ұстаздарына арналған семинар-тренинг өтті. Семинарда функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған оқыту тапсырмаларының ерекшеліктеріне назар аударылды, мұғалімдер практикалық тапсырмаларды дайындап әріптестерімен талдап, тәжірибе алмасты.
Семинар-тренингті мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Окасова Куралай Куралтаевна өткізді.