Сабақта платформаларды қолданудың тиімділігі
25.04.2024 жылы мектебіміздің география пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Қоянбаева А.А. “ Сабақта платформаларды қолданудың тиімділігі” тақырыбында коучинг өткізді. Жас ұстаздарымыз өздерінің пәндеріне деген оқушылардың қызығушылығын оятатын жаңа платформалармен жұмыс жасау жолдарын үйренді. Коучинг барысында бірнеше платформалар көрсетіліп, платформада презентация дайындау, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру сынды дүниелер көрсетілді. Коучинг жоғары дәрежеде өтті.