Мектебімізде үштік одақ миссиясын жүзеге асыру мақсатында "Гүлденген мектеп" жобасы қолға алынды.
Идеясы: Әдемі мектеп әлемі- сұлу жүрек. Мектептің таза ауасы - денсаулық кепілі.
Өзіме пайдалы еңбек - қоғамға қызмет.
Жобаның мақсаты: өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық сауаттылықтарын қалыптастыру. Оқу орнын көгалдандыруға дағдыландыра отырып, ерте кәсіптік бағдар беру.
Жобаның ережесі:
1) Жеребе тастау арқылы гүлдердің атауы мен орнын белгілеп алу
2) Гүлдерді ата-ана, ұстаздар және оқушылар бірлесе отырып отырғызу
3) Гүлдерді оқушылардың өзі баптап, суарып, өсіру
Осы ережеге сәйкес 4 қазан күні "Гүл START" акциясы өткізілді. Бұл күні мектебімізге келген қонақтар аудан әкімінің орынбасары Ә.Ж.Аманжолов пен білім бөлімінің басшысы М.Е.Балабаева құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Келесі кезекте жоба авторы, мектебіміздің директоры м.а Д.Д.Изтулеуов старт беріп, бір мезетте сыныптар өз жұмысын бастап 500-ге тарта гүл отырғызылды.
Бұл жобадан күтілетін нәтиже: үштік одақ арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы, өскелең ұрпақтың бойындағы жауапкершіліктің артуына себепкер болады.
Алдағы уақытта осындай жобалар әлі де жалғасын табады.
Гүлденген мектеп